- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкентте науқастан 9...
Шымкентте науқастан 9 келі ісік алынды
Шымкенттік дәрігерлер онкологиялық ауруға шалдыққан 32 жастағы науқасқа жаңа өмір сыйлады. Ер адам толық зерттеуден өткеннен кейін ауруханаға жатқызылып, оң бүйрегінен 9 келі ісік алынған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Отырар" сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, 4 сағатқа созылған операция сәтті аяқталған.
"Ісікті түбегейлі алып тастау күмән тудырды, сондықтан ісік биопсиясы тағайындалды. Осыдан кейін науқас көпсалалы топ шешімімен онкохирургиялық бөлімшеге жатқызылды. Науқас өмірдің мәнін жоғалтып, ал туыстары үмітін үзген болатын. Операциядан кейінгі "материалды" біз гистологиялық тексерулерге жібереміз және қорытынды алған кезде ісік қатерсіз болып шықты. Науқас оның қатерсіз ісігі бар екенін білгенде, ол қуаныштан көзіне жас алып, туыстары да қуанды", - дейді жоғары категориялы онкохирург Ержан Ақбердиев.
Фото: Отырар
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина