Шымкентте Мұхтар Әуезов университетінің ректорына қатысты тергеу жүріп жатыр

Желіде "Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры 28,5 миллион теңге көлемінде парамен ұсталды" деген ақпарат тарады. Ондағы мәліметте оқу ордасының тағы екі лауазым иесі мен екі компания басшылары қамауға алынғаны айтылған, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шымкент бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментіндегілер ректордың ұсталғаны туралы ақпаратты растады. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Күдіктілер мемлекеттік сатып алуға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеліп жатыр.

"Ақпарат беріліп жатыр біздің агенттіктен, соны оқып көре берсеңіздер болады. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр. Біз ашып ештеңе айта алмаймыз. Бізден басқа мекемелер де сұрап жатыр", – деді Шымкент бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Санат Құлбаев.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!