Шымкентте мүгедек балаларды пайдаланып, пара алған басшы ұсталды

Шымкентте мүгедектік топтарына келісім бергені үшін пара алған тұлғалар сотқа берілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің қалалық департаменті бөлім басшысының міндетін атқарушыға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

Ол мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарынан мүгедектік топтарын белгілеу үшін жалпы сомасы 850 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді.

Пара ретінде берілген ақша қаражаты қалалық емханалардың бірінде жұмыс жасайтын медбикенің көмектесуі арқылы алынған.

Қазіргі уақытта қала прокуратурасы айыпталушыларды сотқа берді.

Конституцияның 77-бабы 3-бөлігінің 1-тармағына сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!