Шымкентте “мұғалім 7 жасар оқушыға жыныстық сипаттағы іс-әрекет жасады“ деген күдікке ілінді

Шымкентте "мұғалім 7 жасар оқушыға жыныстық сипаттағы іс-әрекет жасады" деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, оқиға 25 ақпанда болған. Жәбірленушінің анасының сөзінше, оқушы үйіне келгенде 36 жастағы мұғалім тізесіне отырғызып, ерсі әрекет жасағанын айтқан. 

Шымкент Полиция департаменті мәліметінше, әйел кәмелетке толмаған қызына тиіскенін айтып, осы арыз бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Құқыққа қарсы әрекетті жасады деген күдікпен Шымкент қаласының тұрғыны ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазір жедел тергеу тобы оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты анықтауға бағытталған кешенді іс-шаралар жүргізіп жатыр. Бейнебақылау камераларының жазбалары зерделеніп, куәгерлер мен өзге де тұлғалардан жауап алынып жатыр. Барлық уәж тексеріліп, жиналған материалдар мен дерек жан-жақты талданады", - деп жазылған редакцияға берілген жауапта.

Тергеу барысы департамент басшылығының ерекше бақылауында.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!