- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкентте моншаның жанында...
Шымкентте моншаның жанында атыс болды
Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем қызметі келді. Куәгерлердің сөзінше, екеу ара қақтығыс кезінде жас жігіт қарсыласын атып жіберген. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Атыс 27 ақпанда сағат 22:00 шамасында Жібек жолы көшесіндегі "Люкс" моншасының жанында болды.
Атыс орнынан оқ-гильзалар табылды.
Болжам бойынша травматикалық тапаншадан атылған.
Полиция күдіктіні анықтады.
"Бұл факті бойынша Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы шеңберіндегі өзге де ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді", - деп хабарлады полиция.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан