Шымкентте полицейлер миллион теңгеге жуық шығын келтірген құқықбұзушыларды ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Шымкент қаласы Ақжайық шағынауданының тұрғыны полиция қызметкерлеріне белгісіз азаматтардың үйіне заңсыз кіріп, құнды заттарын жымқырғаны жайлы хабарлады.
Арызданушының айтуынша, ұрылар құны миллион теңгені құрайтын ақша мен бағалы бұйымдарды алып қашып кеткен. Жәбірленуші үйінде белгісіз азаматтарды көріп, оларға ескерту жасаған кезде қаскөйлер оны үшкір затпен қорқытып, оқиға орнынан бой тасалаған. Қылмыстық іс аясында жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде құқықбұзушылар Тараз қаласының тұрғындары екені анықталды.
Олардың бұған дейін де осындай қылмыстар үшін сотталғаны белгілі болды.
Қазіргі уақытта олар Абай ауданы полиция басқармасына жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицейлердің кәсібилігі мен шұғыл әрекеті арқасында құқықбұзушылар жауапкершілікке тартылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!