Шымкентте мектептің спорт алаңында 20 жастағы жігіт асылып, суицид жасаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі OTYRAR сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 17 қазанға қараған түні 02.20-да болған. Шымкенттің Тұран аудандық полиция бөліміне жедел-жәрдем қызметкерлері хабарласқан. Олар Қазиев көшесіндегі мектепте жігіттің денесі табылғанын хабарлаған.
Жігіт турникте жіпке асылып қалған. Қасында ешқандай хат болмаған. Алдын ала мәлімет бойынша, жігіт суицид жасаған. Денесінде ешқандай зорлық белгісі болмаған.
Басылым мәліметінше, марқұм жігіт өзі табылған мектепті бітірген. Алайда бұл әзірге нақты ақпарат емес.
Полиция жігіттің кім екенін анықтаған. Қазіргі таңда оның отбасы мен куәгерлермен жұмыс жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!