Шымкентте мектептен өрт шықты

Шымкентте мектептен өрт шықты. ТЖМ қызметкерлері өртті ссөндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ведомствоға сілтеме жасап. 

"Бүгін Шымкентте Еңбекші ауданында екіқабатты орта мектеп ғимараты шатыры өртенді. Барлық оқушы мен мұғалім қауіпсіз аймаққа шықты. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ", - делінген хабарламада. 

Өртсөндірушілер 280 шаршы метр аумақты қамтыған өртті сөндірді. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!