Шымкент - Бадам тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды. Арыс қаласынан Шымкентке мектепке қажет киім алу үшін жолға шыққан бір әулеттің үш мүшесі - 44 жастағы әйел, жаңа ғана оқуға түскен қызы және бауырының 11 жастағы ұлы қаза тапқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Жетінші арнаға" сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға жақындарының көз алдында болған.
"Бұрылып, оқиға болған жерге бардым. Барсам, барлығы өмірден өтіп кеткен", - дейді марқұмның әкесі Ерғали Әзілбай.
Туыстары үш бірдей адамды жер қойнына тапсырған.
Бұл жағдайға байланысты Шымкент Полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова