- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкентте мектеп басшылығы...
Шымкентте мектеп басшылығы 6,8 миллион теңге жымқырған
Шымкентте 6,8 миллион тенге жымқырған мектеп басшылығына қатысты соталды тергеп-тексеру басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шымкент қаласы Тұран ауданының прокуратурасы тексеру барысында 6 843 837 теңге сомадағы бюджет қаражатын жымқыру дерегін анықтады.
Бұл ақшалай қаражат 2022-2023 жылдар аралығында №73 орта мектепті жөндеу жұмыстарын жүргізуге, ғимаратты жылытып ұстау үшін көмір жеткізуге бюджеттен бөлінген.
Одан бөлек жұмыс атқармағанына қарамастан 2 қызметкерге ай сайын еңбекақы төленіп отырғаны белгілі болды.
Аудан прокуратурасы мектеп басшылығына қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова