- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкентте мекеме басшысы...
Шымкентте мекеме басшысы бухгалтермен келісіп, ақша жымқырған
Фото:
Midjourney
Шымкент қаласының дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің басшысы сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты "Шымкент қаласының дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері" КММ басшысы И. Долбиловаға және осы ұйымның бухгалтері М. Абдукаримоваға қатысты үкім шығарды.
Олар іс жүзінде еңбек қызметін жүзеге асырмаған тұлғаға жалақыны заңсыз есептеу жолымен 3,4 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сот үкімімен мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина