Шымкентте мас күйінде көлік айдаған тұрғын әкімшілік қамаққа алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі ауданаралық сотында Е. есімді азаматқа қатысты іс қаралды.
Е. көлік айдауға құқығы жоқ бола тұра Шымкент қаласында Ш.Уәлиханов көшесі бойымен көлік айдаған. Бір қызығы ер адам масаң күйде болған.
Іс құжаттарына тіркелген медициналық қорытындысына сәйкес, Е. орта дәрежеде алкогольдік масаң күйде болған. Құқық бұзушының кінәсі іс-құжаттарымен қоса өзінің берген түсінігімен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасымен, полиция қызметкерлерінің баянаттарымен және тағы басқа да іс бойынша жинақталған құжаттармен толық дәлелденген.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 6-бөлігімен азамат Е. кінәлі деп танылып, 20 тәулік әкімшілік қамаққа алынып, көлік құралын басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айырылды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!