Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шымкент қаласы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті департаментінің басшысына қатысты тергеу басталғанын растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Шымкент қаласы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің басшысы Руслан Тұңғышбаевқа қатысты тергеу жүріп жатқаны туралы мәлімет журналист Михаил Козачковтың Telegram арнасында арнасында жарияланған болатын.
ҰҚК соталды тергеп-тексеру барысында шенеуніктің жұмыс орнында тінту жүргізгені де хабарланған еді. Сондай-ақ, тергеу кезінде өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша оң қорытынды алу үшін лауазымды тұлғаға ақша беру мәселесі тексеріліп жатқаны айтылды.
ҰҚК баспасөз қызметі шенеунікке қатысты соталды тергеу жүріп жатқаны туралы ақпаратты растады. Ведомство өзге мәліметті жариялаудан бас тартқан.
Айта кетейік, Руслан Тұңғышбаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппарат басшысының бұйрығымен 2023 жылы қазанда Шымкент қаласы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті департаментінің басшысы болып тағайындалған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!