Шымкентте қыз алып қашқандарға қатысты тергеу басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Шымкент қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.
16 қаңтарда Шымкент қаласы полициясының кезекші бөліміне азаматша М.А. қызын үйлену мақсатында белгісіз ер азаматтың ұрлап кеткені туралы көрсеткен.
Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекснің 125-бабы 2-бөлігінің 1) тармағының негізінде (адамды ұрлау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, нәтижесінде Маңғыстау облысының "Г" есімді тұрғыны ұсталып, екі айға қамауға алынды.
Тергеп-тексеру барысында барлық мән-жайлар анықталатын болады.
Мұндай қылмысты жасағаны үшін кінәлілердің мүлкі тәркіленіп, оларға қатысты жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды. Іс қала прокуратурасының ерекше бақылауында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!