Шымкентте жақында егілген гүлдерді қар басып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.
Мамандардың айтуынша, Шымкентте қыста отырғызылған раушан гүлдері мен хризантемалар көктемге дейін өспейді.
"Мен биолог ретінде, бұған қайғы жұтып тұрмын. Өсімдікке обал болды. Оны аздап қазып, тамырын мұқият алғым келді. Бірақ жасай алмадым, өйткені мұз қатып қалған, тамыры жерде қалды", - деді биология ғылымдарының кандидаты Роза Жұмабаева.
Мамандардың айтуынша, мұндай жылуды ұнататын гүлдерді қыс мезгілінде отырғызу қауіпті, сондықтан коммуналдық қызметтер көктемді күтуі керек еді. Раушан мен хризантеманы құтқаруға әлі де мүмкіндік бар. Егер оларды жауып қойса, онда бір бөлігі өніп кетуі мүмкін. Бірақ ықтималдығы төмен.
Айта кетейік, Шымкентте бұған дейін ондаған гүлзарға гүл отырғызылған. Бір ғана Қаратау ауданында бұған 17 миллион теңге жұмсалған.
Бұл ретте әкімдік бұдан еш кемшілік көріп отырған жоқ. Олар гүлзарларға мердігер жауапты екенін айтты. Көктемде гүлдер өнбей қалса, олар бәрін қайтадан отырғызады, бірақ өз есебінен.
"Оңтүстік өңір болғандықтан күн жылы, қатты суытпайды. Сондықтан күзде, тіпті қарашада да отырғызады. Қазір гүлдер қурап қалған болып көрінгенімен, бұл көпжылдық өсімдіктер. Мердігер тарапынан жұмысқа кепілдік бар. Сондықтан қанша гүл өлсе, көктемде сонша гүл толықтырылады", - деді Қаратау ауданы әкімі аппаратының бас маманы Есімхан Жүзбаев.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!