Шымкентте құмар ойынға бәс тіккен 15 шенеунік “жылы орнынан“ айырылды

Шымкентте құмар ойынға бәс тіккен 15 шенеунік “жылы орнынан“ айырылды
Фото: ЖИ

Шымкентте құмар ойынға бәс тіккен 15 мемлекеттік қызметкер жазаланды. Олардың кейбірінің қызметі төмендесе, бірқатары жұмыстан қуылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Аlmaty.tv-ға сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, шенеуніктер түрлі ойынға ақша тіккен, лудомандар арасында құқық қорғау органдарының қызметкерлері де бар.

Айта кетейік, былтыр прокуратура Шымкентте құмар ойынға әуес болған 50 лауазымды тұлғаны анықтаған. Олар небәрі бір жыл ішінде букмекерлік кеңсеге 400 миллион теңге ұтылған.

"Олардың барлығына заңнама аясында тиісті шара қабылданды", - деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Қанат Қадырбеков.

Еске салайық, бұған дейін Ұлытау облысында мемлекеттік қызметшілер құмар ойындарға қатысқаны хабарланды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget