Шымкентте құдыққа түскен екі жігіт көз жұмды

Шымкенттің орталығында су құбырларын ауыстырып жатқан екі жұмысшы қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі OTYRAR басылымына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға жеке компанияның үш қызметкері түскен терең құдықта болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жасы 20 мен 22 аралығындағы жігіттер құдық ішіндегі улы газға тұншыққан.

Жұмысшылар жер бетіне ұзақ уақыт шықпаған соң, әріптестері оларды іздеп құдыққа түскен. Зардап шеккендерді жоғарыға алып шыққанымен, екі жігіт оқиға орнында көз жұмды. Үшінші жұмысшыға медициналық көмек көрсетілді.

"Жұмысшылардың қаза табуына байланысты соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, олар құдық ішінде жиналған газдан уланған. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, қауіпсіздік талаптарының сақталуына жауапты тұлғалар тексеріліп жатыр", – деп хабарлады Шымкент қалалық полиция департаменті өкілдері.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!