Шымкентте кісі өлтірмекші болған күдіктіге іздеу жарияланды

Шымкентте кісі өлтірмекші болған күдіктіге іздеу жарияланды

Шымкентте кісі өлтірмекші болған күдіктіге іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Шымкент полиция департаменті Еңбекші аудандық полиция басқармасымен 28.04.1994 жылы туған Тойшыбек Бағлан Нұрланұлына іздеу жариялады. Күдіктінің бұрынғы мекенжайы – Шымкент қаласы, Самал-1 мөлтек ауданы, Еркіндік көшесі, 34-үй.
 
Тойшыбек Бағлан Нұрланұлы 2021 жылы 24 қарашада сағат 20:00 шамасында Күншығыс мөлтек ауданы №3 үй жанында жергілікті азаматты бірнеше рет пышақтап, ауыр дене жарақатын салып, оқиға орнынан қашып кеткен. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 24- 99-бабы 1-бабы "Кісі өлтіруге оқталу" бойынша тіркелді.
 
Алайда, ер адам тергеу мен соттан бой тасалап тұрғылықты мекенжайынан көшіп кеткені анықталды.  2021 жылы Тойшыбек Бағланға екі рет іздеу салынған, олардың бірі – халықаралық іздеу. Алайда бұл нәтиже бермеген.

"Сондықтан, суретте көрсетілген ер адамды көрген білгендер болса, бірден полицияның "102" арнасына немесе ( 8-771-671-56-63 ) 57-27-42, 51-22-01, 57-27-60, 57-01-02, факс: 57-03-41 нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан