Шымкентте көшенің ортасында 5-сынып оқушысын ұстап алып соққыға жыққан адам ұсталды

Шымкентте көшенің ортасында 5-сынып оқушысын ұстап алып соққыға жыққан адам ұсталды
Фото: Видео кадры

Әлеуметтік желіде Шымкентте 5-сынып оқушысы соққыға жығылғаны көрінетін видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шымкент Полиция департаменті мәліметінше, видеодағы адамдар - көрші тұратын 10-сынып оқушысы мен 5-сынып оқушысы. Оқиғаға қатысушылар ата-аналарымен бірге полицияға жеткізілген.

"Тексеріс барысында оқиғаға дейін кәмелетке толмағандар арасында жанжал туындағаны белгілі болды. Осыдан кейін 10-сынып оқушысы оны көшеде кездестіріп, күш қолданған. Кәмелетке толмаған оқушының ата-анасы баланы тәрбиелеу жөніндегі міндетін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Материалдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жолданды", - деді полиция.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget