Шымкентте полицейді пышақтап кетті. Оқиға кеше, 1 қыркүйекте таңғы уақытта Қонаев пен Жандосов көшелерінің қиылысында болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ontustik.kz-ке сілтеме жасап.
Патрульдік полиция полкінің инспекторының арқасынан ер адам пышақ тығып алған. Тәртіп сақшысы жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет атқарып тұрған.
Шымкент полиция департаментінің хабарлауынша, бұған қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 380-бабына сәйкес "Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері" қылмыстық іс қозғалды.
Жарақат алған полиция қызметкері жедел жәрдеммен қалалық №1 клиникалық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер 35 жастағы патрульдік полиция қызметкерінің жағдайы орташа ауыр деп отыр. 4-5 күнде амбулаторлық емге жіберілуі мүмкін дейді. Ал күдікті 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!