Шымкентте көшеде ер адам өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Отырар" сайтына сілтеме жасап.
Ер адамның денесі 10 сәуірде Рысқұлов пен Шаяхметов көшелерінің қиылысында табылған. Оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз. Марқұмның денесінде жарақаттар болған. Алайда Полиция департаменті өкілдері нақты қандай жарақаттар екенін айтпады. Ер адамның неден өлгені сот-медицналық сараптамадан кейін анықталады.
Куәгерлер редакцияға оқиға орнынан видео жіберген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!