Шымкентте көшеде ішкиіммен жарнамаға түскен қыз қамауға алынды

Шымкентте көшеде ішкиіммен жарнамаға түскен қыз 15 тәулікке қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап. 

Қызға қоғамдық тәртіп бұзғаны үшін және ұсақ бұзақылық бабы бойынша әкімшілік айып тағылған. Шымкент қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Е-ге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қаралды.
 
Ол қарашада Шымкенттегі Shymkent Plaza сауда үйінің алдында, жартылай жалаңаш күйде ішкиіммен жарнамаға түскен. Сотта Е. кінәсін мойындап, өкінетінін, соттан қатаң жаза қолданбауын сұрады.

Сот Е-нің әрекетінде құқықбұзушылық жасаған дерегі дәлелденді деген тұжырымға келді. Е-ге 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындады.

Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!