Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған тағы бір адам қайтыс болды. Ол 1964 жылы дүниеге келген Шымкент қаласының тұрғыны.
"Шымкент қаласында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды. Науқас 1964 жылы дүниеге келген", - делінген ресми хабарламада.
Еске салайық, бұл - коронавирус індетінен болған алтыншы өлім жағдайы. Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласында 1 адам, Ақмола облысында 2 адам, Қарағанды облысында 1 адам және Түркістан облысында 1 адам қайтыс болған еді.
Бүгін коронавирус инфекциясын жұқтырған 38 адам тіркелді. Барлығы 569 адам болды.