- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкентте қонақ үйдің...
Шымкентте қонақ үйдің заңсыз салынған қабаттары бұзылады
Шымкентте қаланың қақ ортасында орналасқан жеті қабатты қонақ үйдің заңсыз салынған жоғарғы төрт қабаты бұзылатын болды. Себебі нысан иесі біраз уақыттан бері ескертулерді елемей келген. Сондықтан сот орындаушылар өндірістегі күшіне енген шешімді жүзеге асыру үшін, ғимараттың жоғарғы қабаттарын мәжбүрлі түрде бұзуға кіріскен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Мемлекеттік сот орындаушылары ғимараттың жоғарғы қабаттарын бұзу бойынша соттың шешімі былтыр шілдеде шыққан дейді. Алайда ғимараттың иесі өздігінен бұзбағандықтан, Шымкент қаласының Әділет департаментідегі атқарушы құжаттарды орындау жөніндегі бөлім филиалының мемлекеттік орындаушылары бұзу жұмыстарын 14 тамызға тағайындапты.
"Мына тұрған қонақ үйі ғимаратының ішіне кранмен көтеріліп терезелерінің әйнегін аламыз, сосын ары қарай бұзамыз. Толықтай", - деді мемлекеттік сот орындаушысы Қасымхан Сәйфі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан