Шымкентте колледждің екі студенті өз-өзіне қол жұмсады, ал үшіншісі тосын жағдайда жол апатынан қайтыс болды, - деп хабарлайды OTYRAR.
Басылым мәліметінше, Достық шағынауданындағы гараждан 17 жастағы студент табылған. Жігіт политехникалық колледждің екінші курсында оқыған. Ал 15 қыркүйекте 3 курс студенті өз-өзіне қол жұмсаған.
Достық шағынауданындағы алғашқы қоңыраудан 12 күн өткен соң гараждан 17 жастағы студент табылған. Жігіт политехникалық колледждің екінші курсында оқыған. Ал 15 қыркүйекте 3 курс студенті өз-өзіне қол жұмсаған.
"12 қыркүйекте Қаратау ауданы Достық шағынауданы маңындағы гараждан 2005 жылы туған студенттің денесі табылды. Сонымен қатар, 15 қыркүйекте Абай ауданының Ахметов көшесінде орналасқан жеке үйден 2004 жылы туған студенттің денесі табылды. Ол да политехникалық колледждің студенті", - деді Шымкент ПД өкілі.
Сондай-ақ, Шымкент ПД мәліметінше, осы колледждің тағы бір студенті жол апатынан қайтыс болған. Жол апаты Түркістан облысында болған. Қаза тапқандардың үшеуі бір колледждің студенттері және барлығы бір факультетте оқыған. Бұл оқиғалардың арасында байланыс бар-жоғы белгісіз. Оқиғаның мән-жайын полицейлер анықтайды. Екі дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!