Шымкентте көліктерге ұрлыққа түскен ер адам ұсталды

Шымкентте көліктерге ұрлыққа түскен ер адам ұсталды
Фото: polisia.kz

Шымкентте көліктерге ұрлыққа түскен ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Түркістан обылысының 21 жастағы тұрғыны 4 автокөлік ұрлығына қатысы бар екені анықталды. Ол көлік құралдарының терезесін сындырып, бөтеннің мүлкін жымқырған.

Осылайша күдікті көпқабатты үйлердің ауласында және қоғамдық тамақтану орнының алдында тұрған көліктерге ұрлыққа түскен. Көліктің ішінде қолма-қол ақша бар сөмке мен әмиян болған. Келтірілген жалпы шығын көлемі 300 мың теңгеге жуық.

Күдіктіні ізін суытпай Әл-Фараби ауданы полиция басқармасының жедел уәкілдері камералардың көмегімен ұстады. Ол бұрын соңды ұрлық жасағаны үшін сотты болған. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина