Шымкентте көлік бірнеше рет аударылып кетті: бір адам қаза тауып, үш адам зардап шекті

Шымкентте көлік бірнеше рет аударылып кетті: бір адам қаза тауып, үш адам зардап шекті
Фото: видеодан алынған кадр

Шымкентте жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тауып, үш адам зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 27 қыркүйекте 04:00 шамасында Алтынтөбе тұрғын алабындағы Бадам тасжолында болған.

Онда жоғары жылдамдықпен кетіп бара жатқан Mercedes Benz жүргізушісі бір сәтте көліктің рөліне ие бола алмай, жолдың шетіне шығып кеткен. Қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік бірнеше рет аударылып кетіп, жарамай қалған.

Көліктің ішінде болған бір жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Ал жол апатынан зардап шеккен тағы бір жолаушының жағдайы ауыр. Көп жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Ол қазір арнайы бөлімшеде ем қабылдап жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ОТЫРАР Новости Шымкент (@otyrarkz)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан