Шымкенттегі жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторлары көше камералары арқылы 20 жастағы заң бұзушы жігітті анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, жас жігіт темір тұлпарының алдына заңды мемлекеттік тіркеу нөмірін тақса, артқы бөлігіне жалған нөмір іліп алған. Тәртіп сақшылары ер адамды Қонаев даңғылының бойында тоқтатты.
"20 жастағы Түркістан облысының тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі "Көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi бар көлiк құралын басқару" бойынша хаттама толтырылды.
Ал, Toyota camry автокөлігі айып тұраққа қамалды", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!