10 қазанда Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өткен Қайрат Нұртастың концерті кезінде 18 жастағы қыз жарақат тапталып қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының мәлімеінше, қыз ауруханаға жеткізілді. Қазір оның жағдайы ауыр.
Дәрігерлер зардап шеккен қызға оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетілгенін айтты. Кейін оны жедел жәрдем бригадасы ауруханаға жеткізген.
"Қазір науқастың жағдайы ауыр. Оған қажет медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Жағдайы мамандардың бақылауында", – делінген хабарламада.
Әзірге қыздың қандай жағдайда жарақат алғаны туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ. Оқиғаның нақты мән-жайы белгісіз.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!