Шымкентте кәсіпкер шетелдіктерді жұмысқа заңсыз тартқан

Шымкентте шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған кәсіпкер анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тексеріс барысында кәсіпкерлік нысандарының бірінде 20 шетелдік көші-қон заңнамасын бұзып, тиісті рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеп жүргені анықталған.

"Бұл дерек бойынша жинақталған материалдар әкімшілік сотқа жолданды. Сонымен қатар, заңсыз жұмыс күшін пайдаланғаны үшін кәсіпкер жауапкершілікке тартылды", - деді ІІМ өкілдері.

Айта кетейік, қалада осындай 100-ден аса дерек анықталған. Әрбір жайт бойынша заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!