Шымкентте қараусыз қалған Фосфорник сарайы опырылып, 1 адам қаза тапқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Отырар" басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, үйінді астында 1 адам қаза тапқан. Қазір оқиға орнында Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков жүр.
Толық ақпарат әлі жарияланған жоқ.
Қаза тапқан адам небәрі 18 жаста болған. Ол ғимаратта 16 және 18 жастағы екі адаммен бірге болған. Олар сыртқа жүгіріп шығып үлгерген.
Сағат 22:30-да шымкенттік құтқарушылар мен кинологтар 2005 жылы туған марқұм үйінді астынан шығарылды.
Еске салайық, кейінгі бірнеше жылда ғимарат Darkhan Group жеке компаниясына тиесілі болған.
Қала әкімдігі, Шымкент қалалық прокуратурасы және мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бастамасымен нысанды қаланың коммуналдық меншігіне қабылдау алгоритмі әзірленді.
13 қарашада "Фосфорник" сарайы Шымкент қаласы әкімдігінің балансына өтіп, қаңырап бос тұрған ғимаратты келешекте көпсалалы әрі заманауи жастар сарайына айналдырып, аумағын абаттандыру жоспарланған болатын.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!