- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкентте қала күнін...
Шымкентте қала күнін тойлау кейінге шегерілді
Фото:
otyrar.kz
Шымкентте қала күні кейінірек тойланатын болды. Қала әкімдігі Абай облысындағы алапат өртке байланысты осылай шешті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Құрметті Шымкент тұрғындары! Жыл сайын дәстүрлі түрде 19 маусым күні аталып өтетін қала күнін тойлау кейінге қалдырылды. Абай облысында орын алған орман өртіне байланысты, әр жыл сайын ұйымдастырылатын мерекелік іс шараларды Республика күні қарсаңында өткізу жоспарланып отыр", - деп хабарлады әкімдік.
Қазақстанда Республика күні 25 қазанда тойланады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан