Шымкентте жылан мен шаян қаптады

Шымкентте жылан мен шаян қаптады
Фото: Видео кадры

Шымкентте жылан мен шаян күрт көбеюіне байланысты құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Almaty.tv-ға сілтеме жасап.

Кейінгі екі айда құтқару қызметіне тұрғын үй аумағында бауырымен жорғалаушылар пайда болуына қатысты 130-дан аса шақырту түскен.

Құтқарушылар 90-ға жуық жыланды ұстаған. Былтыр мұндай өтініштердің саны 200-ге жуық болған.

Мамандардың айтуынша, жыландар көбіне қорек іздеп шығып, жеке үйлердің аумағында, сондай-ақ, қаладағы тұрғын үй алаптарында, саябақтар мен тоғайларда жиі көріне бастаған.

"Жыландар көбіне тышқандар мен құстар бар жерде кездеседі, өйткені олар солармен қоректенеді. Қалада жыланның улы да, усыз да түрі кездеседі. Оларды байқаған жағдайда жақындамай, құтқарушыларды күткен жөн", - деді Шымкент қалалық ТЖД бөлім бастығы Ербол Оспанов.

Бүгінде жылан шағу дерегі тіркелмеген. Тағы бір қауіп - шаяндар. Қазірдің өзінде 80 адам зардап шеккен. Мамандар сақтануға шақырды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget