Шымкентте жыл басынан бері қоғамдық орындарды ластаған 13 мыңға жуық адам жазаланды

Шымкентте қоғамдық орындарды ластаған 13 мыңға жуық тұлға анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жыл басынан бері Шымкентте аталған құқықбұзушылықтарды жасағаны үшін 13 мыңға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, ортақ пайдаланылатын орындарды, саябақтарды, скверлердi ластағандарға, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастағандарға заңнамаға сәйкес 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Егер бұл әрекеттер бір жыл ішінде қайталап жасалса, құқықбұзушыға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!