Шымкентте жүргізушісі жоқ автобус алты адам қағып кеткен. Соның ішінде 17 жастағы қыз қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Оtyrar басылымына сілтеме жасап.
Дәрігерлер 2005 жылғы қыздың жағдайын орташа ауыр деп бағалады, ол нейрохирургия бөлімінде.
"Жедел жәрдем қызметіне апат туралы хабар 8 сәуірде сағат 18:43-те қоңырау түсті.
Оқиға орнына төрт жедел жәрдем бригадасы шықты. Фельдшер зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетіп, оларды жақын маңдағы ауруханаларға жеткізді", - делінген хабарламада.
Басылым мәліметінше, басқа зардап шеккендер облыстық балалар ауруханасында, перинаталдық орталықта және Шымкент қалалық клиникалық ауруханасында ем алып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!