Шымкентте жүргізушісі жоқ автобус қарсы жолаққа шығып кеткен, салдарынан төрт адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полицияның мәліметінше, жол апаты кезінде жүргізуші автобуста болмаған. Жол апатының салдарынан төрт адам қаза тапқан.
"8 сәуірде кешкі сағат 18:30 шамасында "Метро" сауда үйінің маңындағы екі көшенің қиылысында жүргізушісі басқаруынсыз автобус қарсы бағытқа шығып кетіп, жаяу жүргінші жолағында келе жатқан 6 адамды қағып кеткен. Салдарынан екі әйел мен жасөспірім оқиға орнында және кәмелетке толмаған қыз жансақтау бөлімінде көз жұмды. Тағы екі адам ауруханада жатыр", - деп хабарлады полиция департаментіндегілер.
Оқиға орнына жеткен Шымкент ПД-нің жедел-тергеу тобы жүргізуші соңғы аялдамадан қарсы бағытқа бұрылып, автобусты қол тежегішінде қалдырып, көліктен шығып кеткенін анықтады.
Қазір оқиға орнында анықтаушылар мен криминалистер жұмыс істеп жатыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша соталды тергеу басталып, автобустың жұмысқа жарамдылығын тексеру үшін автотехникалық сараптама тағайындалды. Жүргізуші УҰИ-на қамалды.
Оқиғаның жай-жапсарын оқиға куәгерлері Elitar.kz басылымына айтып берді.
"Бағым бар екен. Мен өтіп кеткен соң, 6 адамды автобус қағып кетті. Өкінішке қарай, 3 адам қаза болды, 3 адам ауруханаға жеткізілді. Олар тірі қалады деп үміттенемін", - деді жол апатының куәгері.
Қайғылы оқиға куәгерлерінің айтуынша, автобус қатты жылдамдықпен келе жатып, аялдамаға соғылған. Олар қатты соққының дыбысын естіген.
"Қатты соққы болды. Мен әйелдің бірнеше метрге ұшып кеткенін көрдім, ішек құрылысы ақтаралып қалды. Мен оның кім екенін барып қарауға қорықтым. Қазір оны ауруханаларда іздеп жатырмыз", - деді куәгер.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!