- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкентте жүкті әйелін...
Шымкентте жүкті әйелін ұрып-соғып, көшеде қалдырған ер адамға сот үкімі шықты
Жүкті келіншегін ұрып-соғып, көшеде қалдырған шымкенттікке сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Almaty.tv-ға сілтеме жасап.
Cот 25 жастағы ер адамға ескерту берумен шектелді. Сот-медициналық сараптама бойынша әйелдің аяқ-қолында жарақат бары анықталған. Бірақ ер адам азаматтық некедегі әйелін әдейі ұрмағанын, бәрі абайсызда болғанын айтып ақталған. Бұл іс денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру бабы бойынша тіркелді.
"Жанжал кезінде жәбірленушіге құқықбұзушы сол жақ иығынан дене жарақатын абайсызда салғаны анықталды. Іс бойынша өзге дерек болмағандықтан, бір жыл ішінде мұндай жауапкершілікке тартылмағанын негізге ала отырып, оған ескерту түрінде жаза тағайындалды", - деді Мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Абдуғаппар Бекназаров.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек