Шымкентте жүк көлігі жүгімен бірге жанып кетті, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Телеарна мәліметінше, оқиға кеше түскі сағат 15:36-да шамасында Еңбекші ауданы Тоғыс елдімекені, Керуен сарай көшесі №169 үйдің жанында "Газель" жүк көлігі өртке оранған. Ішіндегі құрылыс заттары мен көліктің құжаттары да түгелімен жанып кеткен.
"Өрт сағат 15:54-те оқшауланып, сағат 16:03-те толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Оқиға орнына ТЖД 9 қызметкері мен 2 техника жұмылдырылды" - делінген Шымкент қалалық ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан хабарламада.