Шымкентте жолдағы төбелес кісі өлімімен аяқталды: тағы бір адамның жағдайы ауыр

Шымкентте жолдағы төбелес кісі өлімімен аяқталды: тағы бір адамның жағдайы ауыр
Фото: otyrar.kz

Шымкентте жол апаты жаппай төбелеске ұласып, салдарынан 40 жастағы тұрғын қаза тапты. Оқиға салдарынан зардап шеккен тағы бір адамның жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, 1990 жылы туған науқас ауыр жағдайда №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген.

"Науқастың сол жақ кеуде қуысында пышақ жарақаты анықталып, шұғыл түрде ота жасалды. Қазір науқастың жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде қарқынды ем қабылдап жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, оқиға 20 қаңтарда Ерімбетов пен Рысқұлов көшелері қиылысында болған. Екі жүргізуші арасындағы жанжалға үшінші көлікпен келген өзге адамдар да қосылған. Төбелес кезінде бірнеше адам пышақ жарақатын алған. Зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізіліп, олардың бірі көз жұмған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget