Шымкентте қауіпті маневр жасаған жүргізушілер жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қала көшелерінде әсерлі көрініс көрсетпек болған екі жүргізушінің әрекеті әкімшілік қамаумен аяқталды.
Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Mercedes және ВАЗ-2107 көліктерінің жүргізушілері әдейі түтін шығарып, жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндіретін маневрлер жасағанын анықтаған.
"Күдіктілер полицияға жеткізілді. Тексеріс барысында жүргізушілердің бірінің көлік басқаруға құқығы жоқ екені белгілі болды. Олар сот шешімімен 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды", - деді полиция.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!