Шымкентте жол апатынан бір адам қаза тауып, жеті адам зардап шекті

Шымкентте жол апатынан бір адам қаза тауып, жеті адам зардап шекті
Фото: Видео кадры/ otyrar.kz

Шымкентте жол апатынан бір адам қаза тауып, жеті адам зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жол апаты Алматы тасжолындағы Жібек жолы базарының маңында (Құрсай ықшамауданында) болған. ⠀ ⠀

Алдын ала мәлімет бойынша, жол жұмыстары жүріп жатқан тасжолда Opel Vectra жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Toyota Alphard көлігіне соғылған. ⠀

Otyrar.kz-тің хабарлауынша, соқтығыстың күшті болғаны сонша, Opel Vectra қозғалтқышы жұлынып, көлік шұңқырға құлап кеткен.⠀

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Opel жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. ⠀

Тағы жеті адам жарақат алды. Олардың бәрі - Өзбекстан азаматы, олар Toyota Alphard көлігінде болған, Қызылордадан үйлеріне бет алған. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды.

Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан