Шымкентте жоғалып кеткен оқушы Алматыдан табылды

Шымкентте жоғалып кеткен оқушы Алматыдан табылды
Фото: ІІМ баспасөз қызметі

Шымкентте жоғалып кеткен оқушы Алматыдан табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері Пушкин көшесінің бойындағы аллеяны аралау кезінде Шымкент қаласында із-түзсіз жоғалғандар тізімінде тұрған 16 жастағы қызды анықтаған.

"Кәмелетке толмаған қыз Алматыға ата-анасының хабарынсыз өз бетімен келгенін айтты. Қыз бала заңды өкілдері келгенше қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына уақытша орналастырылды", - деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget