- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкентте жоғалып кеткен...
Шымкентте жоғалып кеткен 4 жасар бала табылды
Шымкентте жоғалып кеткен 4 жасар бала аман табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бала жоғалып кеткені туралы ақпаратты _volontery_shymkent_lider.kz Instagram-парақшасының еріктілері хабарлаған болатын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Бала табылды! Чапаев ауданындағы көпірдің маңайында табылды. Іздеуге атсалысқан барлық адамға алғыс айтамыз. Полицияға хабарласып, инстаграмдағы жазба арқылы тауып, полицияға хабарлаған Даниярға рақмет", - делінген жазбада.
23 маусымда Абай АПБ-ның 102 арнасына кәмелетке толмаған баланың жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Әкесінің айтуынша, сағат 13:00 шамасында бала ағасымен бірге достарымен ойнауға аулаға шығып, біраз уақыттан кейін үлкені үйіне жалғыз оралған.
Кәмелетке толмаған баланың жоғалып кеткенін ескере отырып, оны іздеуге Шымкент қаласы ПД бөлімшелерінің барлық күші жұмылдырылды. Баланың жүрген жерін анықтау үшін оның сыртқы келбетін, киімін және фотосуретін сипаттайтын бағдарлар барлық аудандық полиция басқармаларына жіберіліп, әлеуметтік желілерде жарияланды. Тәртіп сақшылары көршілерінен сұрап, бейнебақылау камераларын тексерді. Автокөлік экипаждары мен жаяу патрульдер еріктілермен бірге жоғалған бала болуы мүмкін барлық жерлерді тексерді.
Бүгін таңертең сағат 9.20 шамасында 102 арнасына азамат хабарласып, Қаратөбе тас жолында іздеу жарияланған хабарламадағы ұлдарға ұқсас 2 баланы кездестіргенін жеткізді. Балалар аудандық ПБ-ға жеткізілді. Бүлдіршін ата-анасына аман-есен тапсырылды.
Еске салайық, 2019 жылы туған Әділет Розахов 23 маусымда сағат 15.00-16.00 аралығында үйінен шығып кеткен болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина