Шымкентте қымбат көлігін көпқабатты үйдің төбесіне шығарып дрифт жасаған жігіт қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ktk.kz-ке сілтеме жасап.
Ол бұл әрекетін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған соң ұсталған
Жігіт көлікті 12-ші қабаттың төбесіне шығару үшін арнайы авто кран жалдаған. Сөйтіп қаты жылдамдықта дрифт жасап ойқастаған. Дегемен оның артынан түскен полицейлер машинаны айып тұрағына, ал иесінің өзін он күнге темір тордың ар жағына жіберді.
"Көлікті 12-ші қабаттың төбесіне кранмен шығарып, дрифт жасадым. Мұндай әрекетті қайталамауға уәде беремін", - деді жігіт.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек