27 ақпанда Шымкенттегі Абай ауданы Игілік шағын ауданында жеке тұрғын үйде табиғи газбен жылыту пешінен ақау шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қайғылы оқиғаның салдарынан үй иесі қаза тауып, үш адам ауруханаға жатқызылды.
Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан екі адам және бір техника, "Интергаз" акционерлік қоғамынан үш адам және бір техника жұмылдырылды.
Төтенше жағдайлар министрлігі өрт қауіпсіздігі қағидаларын қатаң сақтау қажет екенін ескертті.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!