Шымкент қаласының прокуратурасы заңсыз табысталған жер учаскелерін анықтау және қайтару бойынша жүйелі түрде жұмыс жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Нәтижесінде Шымкентте жер учаскелері мемлекетке қайтарылды.
Жергілікті атқарушы орган заң талаптарын бұза отырып, жерді пайдалану мерзімін заңсыз ұзартқан.
Сондай-ақ жосықсыз тұлғалардың жалған құжаттар негізінде жерді заңдастыру фактілері анықталды.
Жалпы алғанда, 2024 жылдың басынан бері қадағалау актілерін қарау нәтижесінде кадастрлық құны 747 млн теңгеден асатын жалпы алаңы 158,6 га құрайтын жер мемлекетке қайтарылды, олар заңды экономикалық айналымға тартылатын болады.
Бұзушылықтарға жол бергені үшін 4 лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!