Шымкентте 13 жастағы жасөспірім атпен бірге 5 метрлік шұңқырға түсіп кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ТЖМ мәліметінше, оқиға Абай ауданына қарасты Алтынтөбе тұрғын алабында болған.
Жасөспірімді құтқарушылар альпинистік жабдықтың көмегімен шығарып алды.
"Жасөспірім дәрігерлерге тапсырылды", – деді ведомствода.
Ал атты шұңқырдан автокран арқылы шығарып, иесіне қайтарып берді.
Еске салайық, бұған дейін Ақсуда 5 жасар қыз ыстық суға толған шұңқырға құлап, күйік жарақатымен ауруханаға түскен еді. Шұңқыр балалар ойнайтын алаңға жақын жерде құбыр жарылуы салдарынан пайда болған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек