- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкентте жас жігіт...
Шымкентте жас жігіт жұмысындағы сейфтен 7,5 млн теңгені ұрлап, жаратып жіберген
Шымкентте 23 жастағы жігіт жұмыс орнындағы сейфтен қомақты қаржыны жымқырып кеткен. Қылмыс көлік жөндеу орталығында түнгі уақытта болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Полицейлер бейнебақылау камераларының көмегімен күдіктіні анықтаған. Ол сол орталықтың дөңгелек жөндеумен айналысатын жұмысшысы болып шыққан.
Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 188-бабы 4-бөлігі 3-тармағы "Аса iрi мөлшерде жасалған ұрлық" бойынша тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілген. Белгілі болғандай, 23 жастағы Түркістан облысының тумасы жұмыс орнындағы сейф ішінде қомақты қаражат сақталатынын байқап, қылмысқа алдын ала дайындалған. Ал ұрланған ақшаны жеке қажетіне жаратып жіберген.
Тергеушілер оның кінәсін дәлелдейтін айғақтар мен жинақталған іс-құжаттарды сотқа жолдады. Сот үкімімен сотталушыға 5 жыл 6 ай мерзім бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан