Шымкентте 3 ақпанда шамамен сағат 02:00-де "Пандора" түнгі клубында жаппай төбелес болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, клуб клиенттерінің жанжалы төбелеске ұласып, бір адам пышақ жарақатын алған.
"60 шақты адам полицияға жеткізілді. Барлығынан жауап алынды. Қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полиция.
Ал түнгі клуб ғимаратының иесі мен жалға алушы мұндай жайттардың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын күшейтпек.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!