• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Шымкентте жантүршігерлік жол апаты болды: жүргізуші көліктен 10 метр жерге ұшып кеткен

Шымкентте жантүршігерлік жол апаты болды: жүргізуші көліктен 10 метр жерге ұшып кеткен
Фото: otyrar.kz

Шымкентте жол апаты болып, жүргізуші көліктен 10 метр жерге ұшып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Оtyrar.kz-ке сілтеме жасап. 

Оқиғаның мән-жайы

6 ақпанда сағат 11:30 шамасында Ш.Қалдаяқов көшесінде ауыр жол апаты болды. Mercedes-Benz жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, көлік жарық бағанасына соғылған. Соққының күшті болғаны сонша - жүргізуші көліктен 10 метр жерге ұшып кеткен.

"Жүргізуші ауыр халде шұғыл ауруханаға жатқызылды. Жолаушы да түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді", - деп жазылған хабарламада.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметі жеткен, полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Бұған дейінгі оқиға

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан алты адам қаза тапқаны хабарланды. Полиция жол апаты бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget